Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында Оқушылар сарайында «Наурыз-жыл басы!» тақырыбында үлкен мәдени мерекелік шара ұйымдастырылды

Категория: Новости
Дата: 16.03.2023
Просмотры: 113 Печать страницы
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында Оқушылар сарайында «Наурыз-жыл басы!» тақырыбында үлкен мәдени мерекелік шара ұйымдастырылды

16.03.2023жыл. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында Оқушылар сарайында «Наурыз-жыл басы!» тақырыбында үлкен мәдени мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында: «Ас шебері», «Мүсін өнері», «Қол өнер» «Бейнелеу өнері», «Шахмат», «Ұлттық ойындар» «Домбырамен ән салу», «Қуыршақ театры» және «Мектеп алды даярлық» үйірмелерінің ұстаздары өз үйірмелерінде наурызға байланысты тәрбие сағаттарын  өткізіп, суреттер салып, наурыз-бата, наурыз-тілектер айтып, түрлі ұлттық ойындар ойнатты.   Ата-аналар да өз үлестерін қосып, «Наурыз көже» жасап, «Тұсау кесер», «Шашу» рәсімдеріне қатысты. Осындай шара арқылы ұстаздар үйірме жеткіншектеріне ұлтымыздың салт-дәстүріне деген қызығушылықтарын арттырды. Осы шараларды «Жетісу телеарнасына» түсіріліп, сұхбаттар берілді.

1