Звездный олимп Видеогалерея Расписание Родителям Контакты

Попечительский совет Дворца школьников

 

Оқушылар сарайы» МКҚК

ХАТТАМА №1

 

Өтілген уақыты: 30.03.2019ж

Қатысқандар: 9

Кеңес мүшелері:

1.Кушикбаева Злиха Касымовна – кеңес мүшесі

2.Байсабаева Арай Баубековна – кеңес мүшесі

3.Сатыбалдинова Қарлығаш  кеңес мүшесі

4.Шевченко Ольга Владимировна- кеңес мүшесі

5.Калимова Ляззат Кумболатовна  -  кеңес мүшесі

6.Аршипова Алия Октебрятовна  -  кеңес мүшесі

7.Мамырканов Есімбол Аскабылович  -  кеңес мүшесі

         8.Аздерова Шолпан - кеңес мүшесі

         9.Асқар Еркін Асқарұлы  -   кеңес мүшесі

 

                                       Қамқоршылық кеңестің күн тәртібінде:

  1. Кеңес мүшелерін сайлау.
  2. Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөлу (төрағасы, орынбасар,

жауапты хатшы).

 3. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын құру,бекітуге ұсыну

Тыңдалды:

 

Оқушылар сарайының директоры Л.Есболова қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында өзін таныстырып, Оқушылар сарайының мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті.

Оқушылар сарайының мақсаты:

  • Жеткіншектерінің білімдік және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты  

     қанағаттандыру мақсатында қосымша білім берудің дамыту  

     бағдарламасын жүзеге асыру;

  • Өскелең ұрпақтың қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін

     дамытып, өнерлерін шыңдау;

  • Өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, өнерін білетін, оны қадірлеп,

     қастерлейтін ұлтжанды азамат тәрбиелеу;

  • жеткіншектердің өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру қажеттіліктері мен

     ұстанымын қалыптастыру.

Мекеменің функционалдық қызметі

-  үйірме жеткіншектерін көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалық, ғылыми-  

   техникалық, спорттық-туристік бағыттары бойынша өнер түрлеріне үйрету;

-  Оқушылар сарайындағы оқу үрдісін Жарғысына сәйкес жүзеге асыру;

-  оқу үрдісі үйірме жетекшілерінің авторлық бағдарламалары негізінде  

   күнтізбелік-тақырыптық жоспары бойынша орындалады және сабақ  

   кестесімен жүргізіледі;

-  Оқушылар сарайында оқыту мен тәрбиелеу қазақ және орыс тілдерінде  

    жүргізіледі;

-   үйірме жеткіншектерін оқыту үрдісі төмендегідей түрде жүргізіледі: 

    топпен және жеке сабақ.

         Алғашқы мәселе бойынша  Қамқоршылық кеңес мүшелері бір-бірлерімен танысып,  Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен және 2 сәуір 2018 жылғы №123 бұйрығымен таныстырды. Оқушылар  сарайында білім беру тиімділігі: балалардың бос уақытын қамтамасыз ету, алған білімдерін практика жүзінде іске асыру, жеткіншектердің тәрбиесі мен жалпы дамуының көрсеткіштерін жоғарылату.

Кеңес мүшелері бір-бірімен танысып, кеңес төрағасы болып Сатыбалдинова Қарлыған Маратқызы, оның орынбасары болып Аздерова Шолпан болып бір ауыздан шешім қабылданды.

 

Қамқоршылық кеңес мүшелері сөз алды:

  • Алға қойған мақсаттарыңыз айқын, сарайдың дамыту жоспары жүйелі деп ойлаймын. Ата-аналармен толыққанды жиналыс жасап, балаларға қамқоршылық жасаудың түрлі жолдарын қарастыруымыз керек. Аз қамтылған көп балалы, жетім балалар, әлеуметтік тұрғыдан төмен отбасындағы өнерлі балаларға қолдау көрсету. Соған түрлі бағыттағы акциялар ұйымдастырып, қайырымдылық концерттер өткізу қажет.

 

 

Шешім қабылданды:

  1. Қамқоршылық кеңес мүшелері ашық дауыс беру арқылы кеңес төрағасы Сатыбалдинова Қарлығаш Маратовна, орынбасары Аздерова Шолпан  болып бекітілді.
  2. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын құрылып бекітілсін.

 

 

            Қамқоршылық кеңестің төрағасы:                            Қ.Сатыбалдинова         

           Хатшы:                                                                              А.Нүсіп

Кеңес мүшелері:

1.Кушикбаева Злиха Касымовна

2.Байсабаева Арай Баубековна

3.Сатыбалдинова Қарлығаш  Маратовна

4.Шевченко Ольга Владимировна

5.Калимова Ляззат Кумболатовна 

6.Аршипова Алия Октебрятовна 

7.Мамырканов Есімбол Аскабылович 

         8.Аздерова Шолпан

         9.Асқар Еркін Асқарұлы