Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының оқушылар сарайы ұжымымен кездесуі

Категория: Новости
Дата: 10.01.2017
Просмотры: 1593 Печать страницы
ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының оқушылар сарайы ұжымымен кездесуі

ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының оқушылар сарайы ұжымымен кездесуі

Халық қалаулыларының өңірлердегі іс-сапары аясында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Өксікбаев Омархан Нұртайұлы Талдықорған қаласында «Талдықорған қаласының оқушылар сарайы» ҚМКК қызметімен танысып, ұжымымен кездесті. 
Кездесуде облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев, қалалық партия филиалының өкілдері, қалалық білім бөлімінің өкілдері, «Талдықорған қаласының оқушылар сарайы» ҚМКК директоры Л.Есболова, ұжым мүшелері, партия белсенділері қатысты.
Кездесу барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты қатысушыларға республика көлемінде жүзеге асып жатқан мем.бағдарламаларды, халық қалаулыларының Парламент Мәжілісіндегі өздерінің заң шығару қызметі, сонымен бірге Мемлекет басшысының "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында айқындаған тапсырмаларды орындау жолы туралы баяндап, сұрақтарға жауап берді.
Шара аясында халық қалаулысы Талдықорған қаласының оқушылар сарайының қызметі бойынша жұмыстарымен танысты.

1