Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

«Күзгі калейдоскоп»

Категория: Новости
Дата: 18.11.2016
Просмотры: 2875 Печать страницы
«Күзгі калейдоскоп»

2016 жылдың 17 қарашасында Оқушылары сарайында, үйірме қатысушыларының арасында «Күзгі калейдоскоп» атты күзгі мерекелік іс-шарамыз болып өтті.

Күзгі мерекемізді өткізудегі негізгі мақсат – Оқушылар сарайында білім алатын жеткіншектер арасында достық қарым-қатынасты арттыру, оқушылардың бойында мәдени және шығармашылық қабілетті қалыптастыру болып табылады.

Сайысқа барлығы 17 жеткіншектер қатысты. «Мода», «Шаш үлгісі», «Бет әрлеу үлгісі» бойынша бақ сынасқан жеткіншектер бар өнерлерін паш етті.

Өздерінің біліктілігін, талғамдарының жоғары екендігін дәлелдей білген оқушылар сайысы көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Нәтижесінде, «Сән және дизайн» үйірмесінің 7 сынып жеткеншегі Макажан Аяжан – І орын, «Көңілді бояулар» үйірмесінің 8 сынып жеткеншегі Масан Гүлнұр – ІІ орын және «Сән және дизайн» үйірмесінің жеткіншегі Жансерікқызы Қарақат - ІІІ орынға ие болды.

Сайыс соңында барлық қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

1