Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

Қосымша білім берудің 100-на орай "БАЛА ӘЛЕМІ - 2018" атты аймақтық өнер байқауы өтті

Категория: Новости
Дата: 07.11.2018
Просмотры: 965 Печать страницы
Қосымша білім берудің 100-на орай

10 қараша 2018 жылы Талдықорған қаласы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Қосымша білім берудің 100 жылдық мерекесіне орай аймақтық "Бала әлемі" өнер байқауы өтіп, 700дей өнерпаз жеткіншек қатысты. Байқау мақсаты: Жас таланттардың өнерін қолдау, насихаттау және олардың тұлғалық дамуына үлес қосу. Байқау 7 номинация: Аспапта ойнау, Дәстүрлі ән, Вокал, Хореография, Бейнелеу өнері, Қолөнер, Көркемсөз бойынша жас ерекшеліктеріне қарай өткізілді. Әр жанрда 100 -ден аса қатысушы болғандықтан, жеңімпаздарды анықтау Әділ қазылар алқасына оңайға соқпады. Өйткені әр дарынды бала үлкен дайындықпен келгені байқалды. Дегенмен сайыстың аты сайыс. Әр үміткер өзіне лайықты әділ бағасын алып, әр жанрдан 5 жұлдызды кубогін алып, Бас жүлде l-ll-lll орынды иеленіп, дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталып, ризашылықтарын айтып, үлкен әсермен тарады.

1