Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

Қала әкімінің тұрғындар алдындағы кезекті есебі

Категория: Новости
Дата: 23.01.2018
Просмотры: 1027 Печать страницы
Қала әкімінің тұрғындар алдындағы кезекті есебі

Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев 9 алаң, шығыс және қаратал аудандарының тұрғындарына өткен жыл бойынша есептік кездесу өткізді.

Кездесуге аталған аудандардың тұрғындары, әскери бөлім өкілдері, қала әкімдігінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында қала әкімі сөз алып, Талдықорған қаласында 2017 жылы жасалған істерді атап өтті.

«Былтыр біздің қалада тарихи оқиға болды. Ол – Талдықорғанға газдың келуі. Өткен жылы қаланы газдандырудың 1-кезеңінде 169,3 км желі және 5 іске қосу кешенінің құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде Абылай хан көшесінің бойындағы жеке секторға айналма жолдағы жаңа ғимараттарға, Қаратал шағын ауданына, облыстық аурухана маңайына, темір жол вокзалына және қаланың орталық аудандарына газ желісі тартылды. Бұл өз кезегінде қаланың жандануына үлкен септігін тигізеді», - деді қала әкімі.

Жиын соңында қала тұрғындары шығыс ықшам ауданына байланысты бірнеше сұрақтар қойды. Олардың дені арық жүйесі, асфальт салу, жарық мәселелері болды. Оған қала әкімі жауап беріп, жол бойынша құзырлы бөлімдерге бірнеше тапсырма берді. Ал Қаратал ауданы бойынша болған жарық жайлы сұраққа биыл оң нәтижесін беретінін айтты.

Жалпы есеп соңында қала тұрғындары Талдықорған әкіміне «қанағаттанарлық» деген баға берді.

Источник: Официальный сайт акимата города Талдыкорган

1