Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

Талдықорғандық домбырашылар Чехияны бағындырып қайтты.

Категория: Новости
Дата: 12.11.2017
Просмотры: 1117 Печать страницы
Талдықорғандық домбырашылар Чехияны бағындырып қайтты.

Талдықорғандық жас домбырашылар Чехия астанасы Прагада өткен өнер бәйгесінен бас жүлдемен оралды. 

Жарыста әлемнің 15 елінен келген ең үздік әнші, биші, күйші балалар бақ сынаған. 
"Ата толғау" және "Көшбасшы" күйлерін орындаған "Мұрагер" ансамблі қазақтың күй өнерін Еуропа төрінде мойындатып қайтты. 

Балалар Талдықорғандағы Оқушылар сарайының домбыра үйірмесінде тәлім алуда. Олар "ЭКСПО" көрмесі аясында өткен музыка сайысына қатысып, Чехия еліндегі осы байқауға жолдама алған еді. Ел намысын қорғап, абыроймен оралған өнерлі шәкірттерді қала әкімі қабылдап, тарту-таралғысын ұсынды. Оқушыларды енді келесі жылы Санкт-Петербургте өтетін тағы бір өнер додасы күтіп тұр.  


 

1