Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

«Домбырам – асыл қазынам» байқауы

Категория: Новости
Дата: 03.11.2017
Просмотры: 1151 Печать страницы
«Домбырам – асыл қазынам» байқауы

«Домбырам – асыл қазынам» байқауы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы өскелең ұрпақтың және жалпы әрбір азаматтың болашақта дамуына аса зор мүмкіндік берері сөзсіз.
Сондықтан қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында Елбасының аталған мақаласының іс жүзінде жүзеге асырылуына қолдау көрсетіп, әрқайсымыз күш – жігер салып, осы бағыттағы жұмыстарды тиісті дәрежеде атқаруымыз қажет. 
« Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын іске асыру, халықтың дәстүрге деген қызығушылығы мен сыйын, өз жерінің тарихы мен мәдениетіне сүйене отырып адамгершілік құндылықтарды арттыру мақсатында «Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты», «Талдықорған қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемелері «Ерасыл» комплексінің демеушілігімен Домбырам – асыл қазынам» атты өнер байқауы ұйымдастырылды.
2017 жылы 20 қазан күні осы байқаудың салтанатты түрде ашылуы өтті. Байқауда «Жанды дауыста ән айту», «Ұлттық аспапта ойнау», «Көркем сөз шебері» номинациялары бойынша сұраныстар қабылданды. Байқауға қатысу үшін 30 күн бұрын интернет желілеріне хабарландыру беріліп барлығы 23 сұраныс білдірді. 
Байқаудың әділ қазы алқаларының құрамы, комиссия төрағасы: Талдықорған қаласы мәдениет және тілдер бөлімінің бас маманы Алинов Әділ Исаханұлы, комиссия мүшелері: Талдықорған әуендері фальклорлы – этнографиялық ән – би ансаблінің жеке дауыстағы әншісі Қасымбекова Айжан, Талдықорған әуендерінің аспапшы әртісі Азат Дауыл, «Ерасыл» комплексінің директоры Бекишова Ляззат Алдонғарқызы болды.
2017 жылы 27 қазан күні Талдықорған қаласы, оқушылар сарайында байқаудың іріктеу туры өтіп, ақтық мәреге 16 оқушы өтті. 
2017 жылы 02 қараша күні Талдықорған қаласы, оқушылар сарайында ақтық туры өтті. Байқаудың нәтижесіне келетін болсақ «Жанды дауыста ән айту» номинациясы бойынша 1 орынды №11 орта мектеп оқушысы Тали Жансая, 2 орынды №18 орта мектеп оқушысы Меңіс Жұлдыз, 3 орынды №18 орта мектеп оқушысы Бектұрсын Қарақат иеленді. «Ұлттық аспапта ойнау» номинациясы бойынша 1 орынды №9 орта мектеп оқушысы Әкімбаев Заңғар, 2 орынды №19 орта мектеп оқушысы Болатбекұлы Заңғар, 3 орынды №17 орта мектеп оқушысы Тоқмолда Тоқжан иеленді. Көркем сөз шебері» номинациясы бойынша 1 орынды №11 орта мектеп оқушысы Иманбетова Ақпейіл, 2 орынды №17 орта мектеп оқушысы Тоқмолда Тоқжан, 3 орынды №18 орта мектеп оқушысы Аутай Гүлназ иеленді. Байқау соңында Еркін ауылдық округінің әкімі Серікжан Берікұлы Ибраев жеңіпаздарды грамотамен марапаттап, сыйлықтар берді.

1