Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

Оқушылар тарихи-мəдени орындарды тамашалауға аттанды

Категория: Новости
Дата: 13.09.2017
Просмотры: 1057 Печать страницы
Оқушылар тарихи-мəдени орындарды тамашалауға аттанды

Оқушылар тарихи-мəдени орындарды тамашалауға аттанды

Талдықорғандық оқушылар қала күні мерекесі қарсаңында тарихи-мəдени орындарға саяхатқа аттанды. Олар бүгін Көксу ауданындағы Зылиха Тамшыбаеваның, Ескелді ауданындағы Нұрмолда Алдабергеновтың жəне Текелі қаласындағы өлкетану мұражайларының жəдігерлерімен танысады. 
«Елбасының «Рухани жаңғыру» атты мақаласына сəйкес, əрі қала күні мерекесіне орай бүгін 50 оқушы Талдықорғанға жақын тарихи орындармен танысады. Бұл шара оқушыларымыздың білім көкжиегін кеңейтіп, елге, тарихқа деген құрметін арттыра түседі деп сенеміз» дейді қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлзина Үсенова. 
Айта кетелік, бүгін Талдықорғандағы музейлерде де ашық есік күні өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары М.Тынышпаев атындағы өлкетану музейі мен І.Жансүгіровтың мұражай үйін тегін аралай алады.

1