Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

2026 жылғы 18 наурызда Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Досбосынұлы Мұстабековтің Жетісу облысына жұмыс сапары аясында маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында әскери-патриоттық бағытта

Категория: Новости
Дата: 18.03.2026
Просмотры: 59 Печать страницы
2026 жылғы 18 наурызда Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Досбосынұлы Мұстабековтің Жетісу облысына жұмыс сапары аясында маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында әскери-патриоттық бағытта

2026 жылғы 18 наурызда Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Досбосынұлы Мұстабековтің Жетісу облысына жұмыс сапары аясында маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында әскери-патриоттық бағыттағы көрме таныстырылып, «Жас сарбаз» қозғалысының жетістіктері ұсынылды. Жиында жастар арасында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Кездесу қорытындысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Жетісу облысы әкімдігі арасында әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Аталған бастамалар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және ел қорғанысын нығайтуда маңызды қадам болмақ.

1