Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

Қыз жылаған - «Қара орамал»

Категория: Новости
Дата: 28.05.2017
Просмотры: 1418 Печать страницы
Қыз жылаған - «Қара орамал»

Бүгін оқушылар сарайында "31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" күніне орай белгілі ақын Ғалым Жайлыбайдың Қыз жылаған - «Қара орамал» спектаклі өттi. Қарлаг – Арқа төсіндегі «алып табыт». Миллиондаған тағдырдың бетін бүркеп жатыр. Ғасырдың аза күйін шертіп...ГУЛАГ құрылымындағы ең үлкен сала – Қарағанды еңбекпен түзеу лагерьлері (Қарлаг). Оқушылар сарайының "Жас актер" үйірмесінің жеткiншектерi осы қойылымды сахналады. Жас болашақ актерлардың əсерлі қойылымын тамашалаған көрермендердің көздеріне жас толды. Сахна төрiне арнайы авторы Ғалым Жайлыбай шақырылды. "Нұр Отан" партиясының бірінші орынбасары Ғалиаскар Сарыбаев сөз сөйлеп, авторға Оқушылар сарайы атынан арнайы сыйлықтар берілді. Сонымен қатар қойылымды тамашалаған қонақтарымыз Нұртілеу Иманғали ағамыз бен Қалилла Омар да кұттықтау сөзін арнады. Соңында автор Ғалым Жайлыбай балаларға ризалығын білдіріп, алғыс хаттарды табыстады.

1