Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

Руководитель кружка «Казахский язык»

Категория: Новости
Дата: 19.11.2024
Просмотры: 41 Печать страницы
Руководитель кружка «Казахский язык»

«Қазақ тілі» үйірмесі жетекшісі

Солтанова Айжан Кемельбековнаның

«Лингвистика бағыты» айлығында өткізген сабағы.

Тақырыбы: «Дара және күрделі сөздер» Сөзжұмбақ құрастыру, шешу.

Мақсаты: Оқушыларға дара және күрделі сөздер туралы түсінік беріп, оларды айырмашылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру.

Мұғалім дара және күрделі сөздер туралы теориялық материалды көрсетіп, оқушылардың тапсырмаларын орындауға, диалог жүргізуге, материалды тексеруге және түсіндіруге көмектеседі. Бұл сабақтың нәтижесі оқушылардың дара және күрделі сөздер туралы білімі мен тәжірибесін арттырады. Дара сөздер мен күрделі сөздерге түсінік беріп, сатылай кешенді талдау арқылы балалардың ой-өрісін жаңа сөз туындайтын күрделі сөздерді үйрету арқылы, дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру үшін тапсырмалар орындатылды. Дара және күрделі етістік туралы берілген ұғымды кеңейту мақсатында топпен жұмыс жүргізілді. Дара және күрделі етістікті ажырата білуге үйрету үшін «Сөзжұмбақ шешу» тапсырмасы орындалды. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында сұрақ-жауап стратегиясы қолданды. Шығармашылық қабілеттерін, өз ойын жеткізе білу, дәлелдей білу қабілеттерін дамыту сатылай кешенді талдау стратегиясы тапсырмалары орындалды. Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу - топтық, жұптық орындалатын тапсырмаларда ұлттық – қоржын, асық т.б. элементтерін қолданды.

Әдісі: сұрақ — жауап, түсіндіру, сатылай кешенді талдау стратегиясы.

Көрнекілігі: графикалық диктант, сөздер, сөзжұмбақ, жеке суреттер, үнтаспа, себет, стикерлер

Бағалау: Балалар өздерінің ұпайларын санап өздерін асықпен бағалайды.

Сергіту сәті: шаттық шеңберіне шығып, тиынды саусақ ұшымен бір-біріне береді, құлатып алған бала бір өнерін көрсетеді. Мыс: өлең оқу.

1