Новости
Жеке меншік балабақша ашқан жеке кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы
Категория: Новости | |
Дата: 05.04.2017 | |
Просмотры: 1743 | Печать страницы |

Соңғы кездері жекеменшік балабақша ашқан жеке кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы айналасында дау-дама көбейіп барады. Біреулері әкімдіктегілердің қолына ақша берсең олар саған мемлекеттен берілетін қаржылай көмекті аямай береді десе, біреулері таныс болса ғана көмек қаржы ала аласың деп айтады. Осыған орай 4 сәуір күні Оқушылар сарайына барлық мемлекеттік және жекеменшік балабақша басшылары мен құрылтайшыларын жинап, қалалық білім бөлімінің әдіскері Салтанат Сағымқызы, буxгалтері Гүлмира Арыстанбекқызы және өзім барлық мән-жайды анықтап, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру мәселесінің мән жайын түсіндіріп айтып бердік. Кездесу барысында барлық қойылған сұрақтарға жауап қайтарылып, мектепке дейінгі білім беру мәселесін дамытуға арналған ұсыныстар қарастырылып, қызу әңгіме жүрді. Бүгінгі күні қала бойынша 3-6 жас аралығында балабақшамен қамтамасыз ету 87% болса, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 93%-ға жеткізу жоспарланған. Егер жеке меншік балабақша ашамын деген кәсіпкерлер болса, қалалық білім бөлімі барлық мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті көрсетуге, алдын ала түсіндірме жұмыстарын жүргізуге дайын. Ол үшін қалалық білім бөліміне қатынасуыңызды немесе мына телефондар арқылы xабарласып білулеріңізге болады:24-22-13; 24-18-82.