Новости
Халық қалаулыларының оқушылар сарайының ұжымымен кездесуі
Категория: Новости | |
Дата: 08.02.2017 | |
Просмотры: 1139 | Печать страницы |

Халық қалаулыларының өңірлердегі іс-сапары аясында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Мамраев Бейбіт Баймағамбеұлы, Смағұл Бахытбек Оқушылар сарайының ұжымымен кездесті.
Кездесуде облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев, қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты А.Ахметова, орталық директоры Л.Есболова, орталық қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысушыларға Елбасы Н.Назарбаевтың Үндеуімен жария еткен Жолдауындағы негізгі бағыттары мен міндеттері, «Нұрлы жер» бағдарламасы, республика көлемінде жүзеге асып жатқан мем.бағдарламаларды халық қалаулыларының Парламент Мәжілісіндегі өздерінің заң шығару қызметі, сонымен бірге Мемлекет басшысының "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында айқындаған тапсырмаларды орындау жолы туралы баяндап, сұрақтарға жауап береді.
Шара аясында халық қалаулары қатысушылармен сұрақ-жауап алмасып, қатысушылар тарапынан әр түрлі ұсыныстар түсіп, депутаттар назарына алынды