Новости
"Абай - дана, Абай - дара қазақта" атты шағын шығармашылық кеш өтті
Категория: Новости | |
Дата: 14.11.2018 | |
Просмотры: 1055 | Печать страницы |

Қарашаның 14 күні сарайымызда "Жас ақын" үйірмесі мен "Тарихи-өлкетану" үйірмелерінің ұйымдастыруымен "Абай - дана, Абай - дара қазақта" атты шағын шығармашылық кеш өтті. Кештің негізгі мақсаты: ақындыққа бас бұрып, бет бұрып келе жатқан жас жеткіншек ақын бүлдіршіндерімізді қазақтың Ұлы ақыны Абай салған сара жолмен таныстыру болды. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, әдеби оқулықтарға енген туындыларынан өзге халық кемеңгеріне арналған арнау жырлар оқылып, ақынның балалық шағынан көрініс те қойылды.