
Бүгін 23 қазан күні Жетісу телеарнасының журналисі Мұрат Мұқашұлының қатысуымен Оқушылар сарайында "Мамандық таңдау" және "Мотивация" тақырыбында шеберлік сыныбы (мастер класс) өтті. Аудитория алдында өткізген алғашқы сұхбаты екенін тілге тиек етіп, үйірме жеткіншектерінің қойған сауалдарына мүдірместен жауап қайтара білді. Аталмыш кездесуді жоспарлаған үйірме жетекшілері білгенін үйретуден жалықпас тілшіге сарайымыздың атынан кішігірім сыйлығын да табыс етті.