
Қайырылымдық айына орай 10 мамыр күні Оқушылар сарайының "Ертегі əлемі" қуыршақ театры "Айналайын" балалар үйі, "Алпамыс" мүгедек балалар үйі жəне жағдайы төмен отбасы балаларына арнап "Жақсылық пен жамандық", "Гаф атты мысық", "Балапан" атты театрлық қойылымдарын қойды. Қойылымның мақсаты балаларды достыққа, жамандық пен жақсылықты ажырата білуге тəрбиелеу. Сонымен қатар қойылым барысында əр түрлі ойындар ойнатылды.