Новости
"Сарын" өнер байқауы
Категория: Новости | |
Дата: 19.02.2018 | |
Просмотры: 1393 | Печать страницы |

17 ақпан күні Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында аудандық "Сарын" өнер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Өнерлі балалардың жұлдызын жағу; ұрпақ санасына ұлтжандылық рухын сіңіріп, таным көкжиегін байыту; еліне, жеріне деген махаббатын сахна төрінде өнері арқылы насихаттап, өз қатарластарына үлгі бола отырып,тұлғалық дамуына үлес қосу; бүлдіршіндердің қазақ өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру және жаңа, өзгеше идеяларды іздестіру, балалар мен жасөспірімдердің рухани, адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру; дәстүрлі ән мен күй және жыраулық өнердің мәртебесін арттырып,ұрпақ санасына сіңіру және осы өнер түріне балалардың ынтасын ояту; қылқаламмен сурет салған, қолданбалы өнерден болашағын көретін және бос уақытын шығармашылықтың көркем түріне арнаған жас жеткіншектердің талабын оятып, таланттыларға дем беру.
Талдықорған қаласы, Ескелді, Ақсу, Алакөл аудандарынан барлығы 115 қатысушы өз өнерлерін көрсетті. Әр номинация бойынша жас ерекшелігіне сай бас жүлде, І орын, ІІ орын, ІІІ орын - сыйлық және лауреат дипломымен марапатталды.