Новости
Халық қалаулылары әлеуметтік мекеме қызметімен танысты
Категория: Новости | |
Дата: 09.01.2018 | |
Просмотры: 1062 | Печать страницы |

Халық қалаулылары әлеуметтік мекеме қызметімен танысты
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары С.Сәпиев және М.Бопазовтың Талдықорған қаласындағы жұмыс сапары аясында Талдықорған медицина колледжі және Оқушылар сарайы жұмысының қызметімен танысты.
Медицина колледжінде арнайы онлайн клиника қызметі, спорт зал, жатақхана және ұйымның материалдық-техникалық базамен қамтылу жұмыстарымен танысты. Колледж директоры тарапынан онлайн клиника орталығына бөлек ғимарат қажеттігін атап өтіп, депутаттар тарапынан қаржы қарастыру туралы жоғары басшылыққа тиісті хат жіберетіндіктерін айтып өтті.
Оқушылар сарайында балаларға арналған арнайы үйірме жұмыстарымен танысып, жоғары бағаларын берді. Соңында халық қалаулылары қолтаңба кітаптарына өз ақ тілектерін жазды.