Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

II Областная олимпиада Международной школы ментальной арифметики ЮСМАС

Категория: Новости
Дата: 02.04.2017
Просмотры: 1161 Печать страницы
II Областная олимпиада Международной школы ментальной арифметики ЮСМАС

«ЮСИМАС» ментальді арифметика бағдарламасы бойынша II облыстық олимпиада өз мәресіне жетті
2 сәуірде Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында «ЮСИМАС» ментальді арифметика бағдарламасы бойынша II облыстық олимпиада өтті.

Жарысқа Талдықорған, Қапшағай, Жаркент қалалары мен Балпық би ауылынан (Көксу ауданы), Ескелді және Еңбекшіқазақ аудандарынан 200-ден астам оқушы қатысты. Сондай-ақ, бұл күні Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында да білімді өрендер бақ сынасты.

Бүгінде 57-ден астам мемлекеттің басын қосып отырған «ЮСИМАС» интеллектуалды даму академиясының әлем рыногын бағындырғанына 20 жыл. Ал Қазақстанға 2011 жылы енгізілген. Мамандар бұл оқу әдістемесі баланың есте сақтау қабілетін, креативті ойлауын, шығармашылық ойын дамытуға көмектеседі деген пікірде.

Былтыр күзде Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында ментальді арифметикадан «ЮСИМАС» академиясы ұйымдастырған ХХІ Халықаралық жарыс өтті. Оған әлемнің 57 елінен 4000 бала қатысты. Қазақстаннан еліміздің барлық облысынан жиналған ең білімді деген 68 бала барып қайтты.

Сонымен, II облыстық олимпиада нәтижесінде «Бейсик» деңгейі бойынша 5-7 жас аралығында 1-орынды талдықорғандық — Ринатұлы Жәңгір; 8-12 жас аралығынан — Аман Бауыржан (Есік қаласы); «Элементари А» деңгейі бойынша 5-7 жас аралығында 1-орынды — Христич Анастасия (Талдықорған); «Элементари В» — Цой Анастасия (Талдықорған); «Элементари В» бойынша 8-12 жас аралығында –Ұланқызы Айназ (Талдықорған); ал ең жоғарғы: «Интермедиа А» деңгейі бойынша 1-орынды талдықорғандық Хегай Станислав пен «Интермедиа В» деңгейін қапшағайлық Дүйсен Расул иеленді.

Сөйтіп олар Алматы қаласында өтетін V республикалық олимпиадаға жолдама алды. Ал республикалық жарыстың жеңімпаздары 2017 жылдың соңына қарай Бали аралында «ЮСИМАС» бағдарламасы студенттері арасында өтетін Халықаралық жарысқа Қазақстан атынан қатысатын болады.

1