Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

«Мәңгілік ел»- 100 нақты қадам»

Категория: Новости
Дата: 21.03.2017
Просмотры: 1386 Печать страницы
«Мәңгілік ел»- 100 нақты қадам»

2017 жылғы 21 ақпан күні Оқушылар Сарайында Халықаралық ана тілі күні аясында  Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы мен Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы бастау  алды.

         Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлын және 2015-2016 жылғы «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобаларының жеңімпаздары Гүлбазар Абдурашитова, Дильбара Абдувалиева мен Алина Готуноктың, «Парасат» тіл жанашырлары клубының мүшесі Ким Ир Сеннің  үш тілділіктің маңыздылығын айтып, үш тілде өлең оқыды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Сулейменова Жаңыл Мағданқызы «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы жайлы айтып, бағдарламасымен таныстырып, экраннан «Мың бала» жобасының бағдарламалары көрсетілді.

        Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы, облыстық білім басқармасының ұйымдастырумен аудан, қалалардағы оқу орындарының оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен «Мың бала» жобасы бойынша  ұлағатты  әңгіме өткізді.

        Оқушылар Сарайы көркемөнерпаздар ұжымының концерттік бағдарламасын тамашалады.

        Сонымен қатар, «Мәңгілік ел»- 100 нақты қадам» жоспарын түсіндіру жұмыстары бойынша Ассамблея мүшелерінің халықпен кездесуі мен  Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы мен үндеуі бойынша Талдықорған қаласының мектеп  оқушыларымен  пікіралмасу өтті. Шараға 250-ге жуық адам қатысты.

 

1