Звездный олимп Видеогалерея Расписание Родителям Контакты

Новости

«НҰР ОТАН» - ЕЛМЕН ЕТЕНЕ, ӘЛЕУМЕТПЕН ӘРІПТЕС

Категория: Новости
Дата: 02.03.2017
Просмотры: 533 Печать страницы
«НҰР ОТАН» - ЕЛМЕН ЕТЕНЕ, ӘЛЕУМЕТПЕН ӘРІПТЕС

Елбасы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы болып отыр.
Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыруда және 1 наурыз «Нұр Отан» партиясының туған күніне, Алғыс айту күніне орай Талдықорған қалалық партия филиалында салтанатты қабылдау өтті. 
Іс-шара барысында Талдықорған қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімі Б.Қарасаев, төрағаның бірінші орынбасары А.Ахметова, филиалдың Саяси кеңес, Бюро, депутаттық фракция, партиялық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңес мүшелері, «Жас Отан» ЖҚ, саяси мектеп түлектері қатысып, бастауыш партия ұйымдарының альбомдары, партия филиалының қызметі туралы есептік анықтамалар, бейнероликтермен шара қатысушылары танысты. 
Бағдат Әбілмәжінұлы өз сөзінде, «Нұр Отан» партиясы елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір саяси қоғамдық ұйым. Алғаш құрылған күннен тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдап келеді. Өзінің қалыптасу және даму жолында көптеген асуларды бағындырып, жеңістерге жеткендігін атап өтіп, «Құлагер» бастауыш партия ұйым төрағасы А.Катеновке «Талдықорған қаласының құрметті азаматы» лентасын тағып, бірқатар азаматтар филиал төрағасының Алғыс хатымен марапатталды. Шара жалғасы жаңадан кірген партия мүшелеріне партиялық билет табысталып, елеулі жетісітіктерге жетіп, белсенділік танытып жүрген партияластарға облыстық партия филиал төрғасының бірінші орынбасары атынан филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Ахметова Алғыс хаттар табыстады.
Шара Талдықорғандық өнер ұжымдарымен бүлдіршіндерінің әндерімен билері үйлескен концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

1