Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

"Тұғыры биік - Тәуелсіздік!"

Категория: Новости
Дата: 12.12.2019
Просмотры: 648 Печать страницы

12 желтоқсан күні Талдықорған қаласының Оқушылар сарайындағы "Лингвистикалық" бағыт қызметкерлері "16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні" қарсаңында "Тұғыры биік - Тәуелсіздік!" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Ұстаздар мен оқушылар атсалыса қатысқан шараға желтоқсан оқиғасының куәгері Гүлжанат Құдайбергенқызы келіп, қатысты. Азат өмір жолында құрбан болған жандарды үнсіздікпен еске алудан басталған жиын күмбірлі қара домбыраның үні мен оқушы өлеңдерімен жалғасын тапты. Кездесу барысында викториналық сұрақтар әзірленіп, көрермендердің де тақырыпқа атсалысуын қамтамасыз етті. Оқушылар мен ұстаздар қауымы сыйлы қонақтың еске алу әңгімелерін тыңдап, ізгі тілегіне қол жайып, естелік суретке түсіп тарқасты.

1