Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

Аймақтық «Сарын» өнер байқауы

Категория: Новости
Дата: 18.03.2018
Просмотры: 1205 Печать страницы
Аймақтық «Сарын» өнер байқауы

17 наурыз Талдықорған қаласы Оқушылар сарайында балалар мен жасөспірімдер арасында аймақтық «Сарын» өнер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Өнерлі балалардың жұлдызын жағу; ұрпақ санасына ұлтжандылық рухын сіңіріп, таным көкжиегін байыту; еліне, жеріне деген махаббатын сахна төрінде өнері арқылы насихаттап, өз қатарластарына үлгі бола отырып,тұлғалық дамуына үлес қосу; бүлдіршіндердің қазақ өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру және жаңа, өзгеше идеяларды іздестіру, балалар мен жасөспірімдердің рухани, адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру; дәстүрлі ән мен күй және жыраулық өнердің мәртебесін арттырып,ұрпақ санасына сіңіру және осы өнер түріне балалардың ынтасын ояту; қылқаламмен сурет салған, қолданбалы өнерден болашағын көретін және бос уақытын шығармашылықтың көркем түріне арнаған жас жеткіншектердің талабын оятып, таланттыларға дем беру.
Әр аудан бойынша 200-ге жуық қатысушы өз өнерлерін көрсетті. Қолөнер, көркемсөз, бейнелеу өнері, аспапта ойнау, дәстүрлі ән, вокал, хореография номинациялары бойынша жас ерекшеліктеріне сай бас жүлде, І орын, ІІ орын, ІІІ орын - сыйлық және лауреат дипломымен марапатталды.

1