Звездный олимп Видеотека Расписание Родителям Контакты

Новости

ЖАСТАР КӨЗІМЕН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Категория: Новости
Дата: 07.06.2017
Просмотры: 1284 Печать страницы
ЖАСТАР КӨЗІМЕН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЖАСТАР КӨЗІМЕН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ 

Бүгін Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы олысы бойынша Депратаментінің (әрі қарай - Департамент) ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың  5 қаңтар - 20 сәуір аралығында өткен Алматы облысының білім беру мекемелерінің оқушылары мен студенттері арасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы үздік бейнероликтер, суреттер және инсталляциялар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
 Байқаудың басты мақсаты - Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дәріптеп, қазіргі қоғамдағы жемқорлыққа қарсы іс – әрекетке жастардың назарын аудару болды.
 Байқауға Алматы облысының мыңнан астам балалары мен студенттері қатысты, 50 – ден аса бейнероликтер және 200 – ден аса суреттер жіберілді. 
 Ең алдымен, жиын қонақтары мен қатысушылары бейнероликтер байқауының іріктеу кезеңінен өткен, үздік деп танылған жұмыстарды тамашалады.
 Бес номинация бойынша іріктелген бейнероликтер көрсетілімінен кейін, сахна төріне Департамент басшысы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы шығып, «Үздік бейнеролик» және «Үздік сурет» номинациясының жеңімпаздарын жариялап, марапаттап өтті.
 «Үздік бейнеролик» болып Талдықорған қаласы, Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясының студенті Югай Александрдың жұмысы танылып, жеңімпаз қанжығасына 100 000 (жүз мың) теңге байланды. Ал, «Үздік сурет» ретінде бас жүлде мен 50 000 (елу мың) теңге «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушісі Витионова Ангелинаға бұйырды.
 Әрі қарай бейнероликтер санатындағы номинациялар бойынша марапаттаулар жалғасты. «Үздік сюжет» жеңімпаздары І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері Исмаил Ялкун және Оратев Амирді (30 000 теңге) және бейнехостингтің интернет пайдаланушылары анықтаған «Көрермендер көзайымы» номинациясының жеңімпаздары Көксу ауданының Қ. Жалайыри орта мектебінің оқушыларын (15 000 теңге) құттықтап, марапаттауды Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен Қапашұлы жүргізді.
 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қаратай Даурен Ералыұлы «Үздік актерлық ойын» және «Үздік монтаж» номинацияларының жеңімпаздарын жариялап, арнайы сыйлықтар табыстап, марапаттады. «Үздік актерлық ойынды» Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің студенті Ботаева Әсел (30 000 теңге) көрсетсе, «Үздік монтаж» номинациясы бойынша Ескелді ауданының Ж.Жакыбаева орта мектебінің оқушыларының (30 000 теңге) жұмысы жеңді.
 Ендігі кезек «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында суреттер байқауының жүлдегерлерін марапаттауды болды. Марапаттауға сахна төріне шыққан мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасының басшысы Абдыбеков Данияр Темірбекұлының қолынан суреттер байқауының екінші орынмен Хрипунова Нинель, үшінші орын Жетпісбаев Диас (смартфондар) марапатталды. 
 Кеш соңы Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Сондай-ақ, оқушылар Сарайының фойесінде үздік деп танылған суреттерден көрме ұйымдастырылды.

1